Сот Жамбыл облысының төрт тұрғынына қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жамбыл облысының тұрғындары Р.Инатұлы, Б.Байғазиев, М.Кұралбаев, Е.Әбдрайымовқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ағымдағы жылғы қаңтарда жоғарыда аталған төрт адам ауыр қылмыс жасау мақсатында сөз байласумен өзара келісіп, адамды ұрлауға және қарақшылықпен бөтеннің мүлкін тартып алуға байланысты қылмыстық келісімге келген. Бұрын сотталған Р.Инаятұлы, Б.Байғазиев, М.Кұралбаев, Е.Әбдірайымовпен мал базарынан аса көп мөлшерде ақшамен келе жатқан Э.Бірімқұловты күтіп алып, Тараз қаласының сыртына көліктерімен алып кеткен. Олар жәбірленушінің 1 680 000 тенгесін және 10 000 тенге тұратын ұялы телефонын иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Өздерінің қылмыстық іс әрекеттерін ары-қарай жалғастырып, ағымдағы жылғы ақпанда Тараз қаласының бір кафесінде А.Аюбаевпен кездесіп, Р.Инаятұлы жәбірленушіге өзінше билік етіп, оны қорқытумен жазасын өтеп отырған өзінің туысы К.Қырықбаевтың алдындағы қарызын өтеуді талап еткен. Осыдан кейін Р.Инаятұлы А.Аюбаевты пәтерге алып барып, таныстары арқылы сотталған К.Қырықбаевқа қарызының қанша екендігін анықтаған. Алайда, пәтерден қашып шыққан А.Аюбаев құқық қорғау органдарына жүгінген.

Осымен  қатар, полиция қызметкерлерімен Б.Байғазиевтің үйін тінту барысында заңсыз иемденіп, сақтаған тапаншаға арналған 10 патрон, автоматқа арналған 9 патрон табылған.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  Р.Инаятұлын  ҚР ҚК-нің 191 б. 3 бөлігімен (қарақшылық), ҚР ҚК-нің 125 б. 2 бөлігі 1,8, тармақтарымен (адамды ұрлау),  389 б. 3 б.-мен (өзінше билік ету) кінәлі деп тауып, оған 10 жылға мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуді тағайындады.

Сот Б.Байғазиевті ҚР ҚК-нің 191 б. 3 бөлігімен (қарақшылық),  ҚР ҚК-нің 125 б. 2 бөлігі 1,8, тармақтарымен (адамды ұрлау), ҚР ҚК-нің  287 б. 2 бөлігімен (патрондарды заңсыз иемдену, сақтау) кінәлі деп тауып, оған  7 жыл 6 айға мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру жазасын  түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді тағайындады.

М.Құралбаев пен Е.Әбдірайымовты ҚР ҚК-нің 191 б. 3 бөлігімен (қарақшылық), ҚР ҚК-нің 125 б. 2 бөлігі 1,8, тармақтарымен (адамды ұрлау)  кінәлі деп тауып, оларға 8 жылға мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру жазасын  түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі