Қостанай және Павлодар соттарында «Отбасы сотының» бөлмелері ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Ювеналдық сотында отбасы бөлмесі ашылды. Іс-шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында өтті. 

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта судьялар, Соттар әкішісінің, прокуратура, полиция органдары,  қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, психологтар және медиаторлар болып кетті.

Жоба сотқа келушілер – ата-аналар мен балалар үшін сот ғимаратының ішінде қолайлы және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған. Енді азаматтық істер бойынша тараптар және олардың ата-аналарымен өткізілетін әлеуметтік-психологиялық зерттеулер осы бөлмеде өткізілетін болады.

Сондай-ақ, сот отырысына шақырылған балалар күту уақытын осы жерде өткізе алады. Бұл бөлмеде балаларды соттың қатаң атмосферасы қамықтырмайды және олар күту уақытын ойнаумен өткізе алады. Мұның үстіне отбасы бөлмесінде сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін араларындағы қарым-қатынасында бөгет болған ата-аналар да бір-бірімен араласып сөйлесе алады. Көп жағдайда судьяға ата-аналардың және балалардың арақатынастарын еркін жағдайда тікелей көруі керек болады, бұл жағдайда отбасы бөлмесі – таптырмас көмек.    

Бөлме отбасылармен түрлі тренингтер өткізуге де арналған. Отбасылар осы жерде психологиялық және құқықтық көмек ала алады.

 

Павлодар қалалық сотында «Отбасылық сот» кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына судьялар, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер кеңесінің, прокуратура, адвокатура, әділет органдарының, білім беру саласының өкілдері және медиаторлар қатысты.  Облыстық соттың төрағасы Мұқтар Смағұлов сөз сөйлей келе, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы отбасыны сақтап қалуға, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, қоғамдағы жанжалдықтың деңгейін төмендетуге бағытталып отырғандығын атап өтті.

Бұл жерде некені бұзу, мүлікті бөлу, алименттерді төлеу туралы дауларда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен өтетін татуластыру рәсімдері жүргізілетін болады. Кабинет қажетті ақпараттық материалмен, ұйымдастыру техникасымен және жайлы жиһазбен жабдықталған. Осы жерде тараптар психолог және басқа да мамандардың кеңесін ала алады.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі