Қостанай облысының ювеналды сот судьялары колледж студенттерімен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы қоғамда кез келген тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Президент: «Тәртіпсіздік пен елдің заңын бұзушылыққа жол бергеннің жазасы әділ әрі нақты болатындығына ешкімнің күмәні болмауы керек», «Азаматтардың заңға немқұрайлы қарауына жол беруге болмайды», деген болатын.

Бұл тапсырманы орындау аясында 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымының қатысуымен «Қостанай политехникалық колледжінде» «Жастар арасындағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының ІІД өкілдері, Қостанай қалалық ІІБ ювеналды полиция қызметкерлері, облыстық наркологиялық диспансер психологы қатысты.  

Кездесу барысында бұзақылық, қоршаған ортаны ластау сынды ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік мәселелері айтылды. Тәжірибиеден нақты мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының, жастар арасында психо- белсенді заттарды қолданудың алдын алу жайттары талқыланды.

 Кездесу соңында ұйымдастырушылар студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі