Архив событий

04/09/2015

Білім беру мекемесінің директорына қатысты қылмыстық іс қаралды

04/09/2015

Орал қалалық соты лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланған білім беру мекемесінің директорына қатысты қылмыстық істі қарады.

К.Арыстанова «Березка» МККК-нің және № 49 «Ақ Ниет» балабақшасының директоры бола отырып, функционалдық міндеттемелерін орындамай, жұмыс орнында болмаған, негізсіз еңбекақы аударылып отырған. Директордың әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 508 706 теңгеге шығын келген.

Полиция қызметкеріне қатысты үкім

04/09/2015

Орал қалалық соты 2015 жылдың 3 қыркүйек күні Орал қалалық ІІБ-нің Абай ПБ-нің жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, 2015 жылдың мамыр айында қаладағы кафелердің бірінде азаматшаның ұялы телефоны ұрланған. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары А.Қадыровқа жүктеліп, ол  күдіктіні  анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге сома қажет екенін айтқан.

Соңынан полиция қызметкері күдіктіден 100 теңге пара алу барысында ұсталған.

ШҚО-да бұрынғы әкім пара бергені үшін сотталды

04/09/2015

ШҚО Жарма аудандық соты ҚР ҚК-нің 367-бабы, 2-бөлігінде көзделген,  мемлекеттік міндеттерін орындайтын уәкілетті адамға пара беру түріндегі  қылмысты жасады деп айыпталған Көкпекті ауданының Тассай ауылдық округінің  бұрынғы әкімі С.А.Долбинға қатысты  қылмыстық істі  қарады.

Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының оныншы кеңесі өтуде

04/09/2015

2015 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының оныншы кеңесі өтуде. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық делегация қатысуда.