Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылы ҚазМУ заң факультетінің түлегі Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің № 002 «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» медалімен марапатталды.

Марапатты жоғары оқу орнының ректоры Ғалым Мұтанов «Қылмыстық іс өндірісінің тиімді жүргізілуі – қазіргі құқық қорғау жүйесі дамуының басым бағыты» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысы барысында тапсырды. Ғ.Мұтанов өз сөзінде республика жоғары сот органы төрағасының университет дамуы мен ҚазҰУ түлектері қауымдастығының президенті ретіндегі айрықша үлесін атап өтті.

Қ.Мәми университеттің көрнекті түлек деп танылған екінші түлек болып табылды. 2016 жылы № 001 «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» медалімен ақын, көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, ҚазМУ түлегі Олжас Сүлейменов марапатталған болатын.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі