Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков облыстық сот  төрағасы Жақсылық Алановты «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапаттады.

Қайрат Дәлбеков өз сөзінде Жақсылық Алановтың аймақтағы соттар мен ішкі істер департаментінің арасында ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.

Тараптар кездесу барысында құқық қорғау органдары жұмысының барысында кездесетін азаматтардың құқығын бұзатын деректерді анықтау, қылмыстық істерді тергеуде кездесетін қиындықтарды жою, процестік құжаттарды толтыруда мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру секілді өзекті де күрмеуі қиын мәселелерді талқылады.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының алдына қойған тапсырмаларын сапалы әрі толық орындау кезек күттірмес мәселе екендігі аталып өтілді.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі