марапаттау

Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталды

22/09/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылы ҚазМУ заң факультетінің түлегі Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің № 002 «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» медалімен марапатталды.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды

04/07/2017

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков облыстық сот  төрағасы Жақсылық Алановты «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапаттады.

Қайрат Дәлбеков өз сөзінде Жақсылық Алановтың аймақтағы соттар мен ішкі істер департаментінің арасында ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми «Барыс» орденімен марапатталды

13/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар қазақстандықтар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Павлодар облыстық сотында сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттандыратын БАҚ өкілдері құрмет грамоталарымен марапатталды

29/11/2016

Павлодар облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» - мемлекеттік мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, «Павлодар облысының Соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы С.Ахметбеков, облыстық соттың судьялары мен мамандары, облыс орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен қатар, аумақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтады

26/08/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшылығы мен қызметкерлері,  отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов «150 лет судебной реформы в России» медалімен марапатталды

09/02/2016

Саратов және Батыс Қазақстан облыстық соттарының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін Саратов облысының Судьялар одағының төрағасы А.Шепелин 2016 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметовті «150 лет судебной реформы в России» медалімен марапаттады.

Марапаттауға ұсынысты Саратов облыстық сотының төрағасы В.Тарасов берген.

Ақмола облысында жұмысты үздік ұйымдастырған соттар марапатталды

29/01/2016

Ақмола облысы соттарының қорытынды жиналысында 2015 жылдың аудандық және оларға теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздары марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттар арасында бірінші орынды Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, екінші орынды – Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, ал Бурабай аудандық соты үшінші орынға ие болды.

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

15/12/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Жоғарғы Соттың судьялары, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Жоғарғы Соттың қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды

06/11/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Департамент басшысы І.Испанов, Департамент басшысының орынбасары Ж.Әбдиев, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Н.Қалқа, бөлім басшылары мен бірқатар қызметкерлер қатысты.

Соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша конкурстың қорытындысы шықты

29/12/2014

Бүгін Жоғарғы Сотта облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша аудандық соттар арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты, екінші орынды – Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты иеленді, ал Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты мен Ақмола облысының Бұланды аудандық соты үшінші орынды өзара бөлісті.

Беттер