Батыс қазақстан облыстық сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық соты толығымен «OpenSpace» азаматтарға кедергісіз  қызмет көрсету қағидатына көшті.

Фронт-офисті салтанатты ашу рәсімін облыстық соттың төрағасы Бек Әметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Ақмырзаев өткізді.

Б. Әметов өз сөзінде сот жұмысының жаңа форматы ашықтықты, анықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын, өңір тұрғындарының нақты сұраныстарын орындауға бағытталғанын атап өтті. «Бұл жерде кез келген азамат құқықтық қызметтің толық спектрін ала алады», - деді ол.

Фронт-офисте ақпараттық орталық, кіріс хат-хабарлар және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары орналасқан. Олар оргтехникамен, заманауи және ыңғайлы жиһазбен жабдықталған кең залда орналасқан, безендіруде тыныштықты білдіретін жасыл түс басым.

Өңірдің соттарында он бес фронт-офис ашылып, олар жұмыс істеп тұр.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі