Жеке сот орындаушысының арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы 12 істі зерделей келе, 2 іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды және олар бойынша жаңа шешімдер қабылдады.

5 іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, қайтадан қарауға жіберді, 3 іс бойынша – шешімдер өзгеріссіз қалды, 2 іс бойынша – апелляция қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Салық органы жеке сот орындаушысына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, оның салық сомаларын дұрыс есептемегенін анықтаған. Жеке сот орындаушысына заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданған.  

Жеке сот орындаушысы хабарламаға қатысты жазбаша түсініктеме берген. Оны қарау нәтижесі бойынша салық органы хабарлама орындалмаған деп таныған.

Жеке сот орындаушысы сотқа жүгіне отырып, салық органының шешімін заңсыз деп тануды сұраған.   

Жергілікті соттар арызды қанағаттандырудан бас тартқан.

Кассация салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәсілдерін жеткілікті деп таныды.

Арызданушы түсініктемесін белгіленген нысанда, әрі Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімде берген, осылайша хабарлама орындалды деп танылды.

Жоғарғы Сот аталған негіздер бойынша сот актілерінің күшін жойып, жеке сот орындаушысының арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі