Архив событий

01/06/2021

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

01/06/2021

Президентке сот жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат берілді.

Жақып Асанов Президентке «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға биыл енгізілген өзгертулердің құқықтық және әлеуметтік әсері жайында баяндады.

Жоғарғы сот төрағасы жаңа Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстердің еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнестің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, енгізілген түзетулер тұрақты әрі бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Жеке сот орындаушысының арызы қанағаттандырылды

01/06/2021

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы 12 істі зерделей келе, 2 іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды және олар бойынша жаңа шешімдер қабылдады.

5 іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, қайтадан қарауға жіберді, 3 іс бойынша – шешімдер өзгеріссіз қалды, 2 іс бойынша – апелляция қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Салық органы жеке сот орындаушысына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, оның салық сомаларын дұрыс есептемегенін анықтаған. Жеке сот орындаушысына заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданған.