Архив событий

11/06/2021

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық соттарына онлайн-тур

11/06/2021

Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығының өкілдері онлайн-тур барысында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалық соттарының ақпараттық жұмысымен танысты.

Елорда мен оңтүстік мегаполис соттары қаралатын істер санының көптігімен ерекшеленеді. Тиісінше, оларға журналистер мен жұртшылық тарапынан қызығушылық зор. Барлық істер бойынша аталған соттардың баспасөз қызметі жедел түрде тиісті түсініктеме береді.

Соттар заманауи медиа үрдістерді тиімді пайдаланып, азаматтар үшін құқық түсіндіру материалдарын жиі жариялап келеді.