Архив событий

18/06/2021

Жоғарғы Сот Төрағасы мемлекеттік органдардың басшыларына әкімшілік әділеттің қағидаттарын түсіндірді

18/06/2021

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін республикалық семинар өткізіп, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) ережелерін түсіндірді.

Онлайн дәрісті барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшылары – министрлер, әкімдер мен аппарат басшыларынан бастап, аудан, қала және ауылдық округ әкімдеріне дейін тыңдады. Екі күнде үш жарым мың адам байланыс желісіне қосылды, көрілім саны 7 мыңнан асты.