Архив событий

19/09/2022

Жетісу облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

19/09/2022

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өңірдің судьялар корпусына Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаевты таныстырды. Бұған дейін ол Алматы қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.

Кездесуге облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

Н.Шәріпов Е.Кененбаев туралы айта келе, оның 15 жылдық судьялық еңбек өтілі мен заңгер ретіндегі мол тәжірибесін атап өтті.  

Соттар «Kiyakty Komir Marketing» ЖШС-нің салықтық дау бойынша құқықтары мен мүдделерін қорғады

19/09/2022

Басқарма Серіктестіктің атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарған (№ 6001-22-00-6ап/785 іс).

ЖШС осы хабарлама бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құжаттарды қоса бере отырып, екі рет түсініктеме жіберген.

Алайда, бір аптадан кейін Басқарма ЖШС хабарламасын орындалмаған деп таныған.

ЖШС сотта Басқарманың шешімін даулап, оны заңсыз деп тануды және күшін жоюды сұраған.