Архив событий

16/09/2022

Соттар «КаспийЦемент» ЖШС-нің құқықтары мен мүдделерін қорғады

16/09/2022

Департамент 57 млн. 438 теңгеден астам салықтар мен өсімпұлды қосымша есептеу туралы Серіктестіктің атына хабарлама шығарды (№ 6001-22-00-6ап/923).

Бұған келіспеген ЖШС дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен шағымданып, Қаржы министрлігіне жүгінді. Алайда, мемлекеттік орган шағымды қанағаттандырудан бас тартты.  Содан кейін барып ЖШС Департаменттің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламасын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Соттар ЖШС қойған талап арыздан бас тартты. Ал Серіктестік кассацияға жүгінді.

Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы Бішкектегі халықаралық конференцияға қатысты

16/09/2022

Бүгін Бішкекте Венециялық комиссияның қолдауымен «Конституциялық реформалар тұрғысындағы сот билігінің тәуелсіздігі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға Орталық Азия жоғарғы соттарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен заңгерлер қатысты.

Қырғызстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Замирбек Базарбековтың шақыруымен конференция жұмысына Төраға Жақып Асанов бастаған Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты.