Архив событий

28/09/2022

Сотталғанның іс-әрекеті қайта сараланды – жазасы екі есеге дейін азайтылды

28/09/2022

2020 жылы сот В.Креймерді есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны (ҚК 296-бабы 3-бөлігі), сондай-ақ есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізгені (297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы) үшін кінәлі деп таныған. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бұл шешіммен апелляция келісті.

Сотталған кассацияға шағым келтірді.

Жоғарғы сот, істі зерделей келе, сотталушының іс-әрекеті дұрыс сараланбаған деген қорытындыға келді.