Архив событий

15/09/2022

Абай облыстық сотының төрағасы тағайындалды

15/09/2022

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов Абай облысының активіне облыстық соттың жаңа төрағасы Қайрат Шақпантаевты таныстырды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Ә.Жүкенов сот төрағасын таныстыра келе, оның кәсібилігі мен көп жылдық судьялық өтілін атап өтті. Кеңес барысында өңірдегі судьялар корпусының алдына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту міндеті қойылды.