Жамбыл облыстық соты

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті

12/01/2018

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім және сот жүйесінің ардагері Құдайберген Үсенбаев жаңа сот ғимаратын ашып, лентасын қиды.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Үркімбаев, құқық қорғау органдары мен «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, медиаторлар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Медиация институты дәріптелді

21/12/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС АҚ-дан 850 184 теңге қарыз сомасын, 448 800 теңге айыппұл, сондай-ақ, 38 970 теңге сот шығындарын өндіру туралы арызбен жүгінді.

ЖШС өзінің талап арызында 2015 жылы 29 желтоқсанда жасасқан №11 өзара келісім-шарт бойынша АҚ өзінің міндеттемелерін толық орындамағанын көрсетті.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

14/12/2017

Рүстем Мырзакәрім аймақтар бойынша іссапар барысында Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында болды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім азаматтарға елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің реформаларының негізгі бағыттарын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндірді.

Оралда, Таразда, Қызылордада және Қостанай соттар сотта қолданылатын ІТ-технологияларды презентациялады

13/12/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушыларына республика соттары қолданатын ІТ-технологияны презентациялады.

Шараға облысымыздың төрт жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылық құрамы, жастар ісі жөніндегі комитет пен ресурстық орталық және БАҚ өкілдері қатысты.

БҚО соттар Әкімшісі Нұрлан Қажғанов қонақтарды қарсылап, оларды электронды ақпараттық киоскісі мен сот кеңсесі жұмысымен таныстырып, сот отырыстары залдарын аралатты.

Жамбыл облыстық соты құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша акция өткізді

27/11/2017

Тараз қалалық сотында өткізілген акцияның барысында 15 кәмелетке толмаған балаларға туу туралы куәлік, 1 азаматқа жеке куәлік тапсырылды.

Іс-шараға Тараз қалалық сотының төрағасы мен судьясы Алтынбек Мадемаров пен Самат Таусаров, құқық қорғау органдарының, Әділет департаментінің, АХАЖ бөлімінің, қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілдері қатысты.

Аталған акция туу туралы куәліктері жоқ балаларды құжаттандыру мәселелері және түрлі себептер бойынша жеке куәліктері жоқ тұлғалармен сұхбаттасуға бағытталған.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Мырзакәрім Сарысу және Талас аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

13/11/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім жұмыс бабымен Сарысу және Талас аудандық соттарында болды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім жеке қабылдауға келушілерге елімізде жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз сот билігін құруға бағытталғандығын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін реттеу мен медиация институтының артықшылықтарын түсіндірді.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Мырзакәрім Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының азаматтарын қабылдады

20/10/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Байзақ және Т.Рысқұлов аудандық соттарында болып, азаматтарды қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев қатысты.

Жамбыл облыстық соты «Ашық есік күнін» өткізді

19/10/2017

Осы күні Жамбыл облыстық сотына құқық қоғау органдарының, адвокаттар алқасының, сондай-ақ облыстың коммуналдық қызметінің өкілдері келді. Қонақтар сот жұмысына енгізілген жаңа ақпараттық технологиялармен танысты.

Жамбылда сот 6 миллионнан аса берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

11/10/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы АҚ-ның жауапкер ЖШС-ге қатысты 6 204 204,30 теңге қарыз сомасын және 1 013 001,02 теңге айыппұл, сондай-ақ, 216 517 теңге сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өзінің талап арызында өзара 2010 жылғы 31 желтоқсанда жасалған №2-09-2011 келісім-шарт бойынша жауапкер қолданған электр қуатының сомасын төлемегенін көрсеткен.

Павлодарда тергеу абақтысында отырған құқық бұзушы сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты

10/10/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 24 жастағы А.-ға қатысты іс материалдарын қарап, оны ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде және 611-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп таныды.

Сот істі А. қамауда болған, тергеу абақтысымен бейнебайланыс арқылы қарады.

Беттер