Жамбыл облыстық соты

Таразда балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды

01/06/2018

Таразда «Балаға мейірімді сот төрелігі. Балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды үйлестіру» тақырыбында  конференция өтті.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың, Жамбыл облыстық сотының, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласы ювеналдық соттарының судьялары, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының, прокуратураның, адвокаттар алқасының, облыс әкімдігі білім бөлімінің, МЕҰ-ның, ЖОО-ның, арнайы мектеп интернаттарының және  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Тараз қалалық сотында сот медиациясы кабинеті ашылды

25/05/2018

Ашылу рәсіміне азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Мадемаров, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Кабинет медиация институтын дамыту және «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын тиімді жүзеге асыру  мақсатында ашылды.

Таразда «Виртуалдық соттар» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр

24/05/2018

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ІІБ №1 полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп нақты уақыт режимінде бейнетарату арқылы әкімшілік істерді қарауға кірісті.

Мысалыға, сот БКБ арқылы жұбайын себепсіз былапыт сөздермен балағаттап, жанжал шығарған К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Судья бейнетарату арқылы процес қатысушыларын тыңдап, мүмкіндікті жібермей ерлі-зайыптыларға татуласуға құқығы бар екендігін түсіндірді.

Тараз бен Ақтөбеде Қазақстандағы сотталғандардың осал топтарының сот төрелігіне қолжетімділігі мәселелерін талқылады

17/05/2018

Тараз бен Ақтөбеде Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы PRI жобасы аясында «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: сотталғандардың осал санаттарының сот төрелігіне қолжетімділігін жақсарту мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының əлеуетін арттыру» семинарлар өтті.

Іс-шараларда адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар, азаматтық қоғам мен сот жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту сұрақтары, сонымен қатар бас бостандығынан айыру және шектеу орындарындағы осал топтардың сот төрелігіне қолжетімділігі сұрақтары талқыланды.

Экономикалық сот жанжалдасушы тараптарға дауды бітімгершілік арқылы шешуге көмектесті

04/05/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС шарт бойынша жеткізілген жанар-жағармай материалдарын уақытылы төлемеуіне байланысты басқа ЖШС-ден 3 628 400 теңге қарызды, 2 502 906 теңге үстемақыны, 200 000 теңге өкілдік ету шығындары мен 202 333 теңге мемлекеттік баж салығын  өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

Жамбыл облыстық соты кәсіби медиаторлармен кездесу өткізді

02/05/2018

Жамбыл облыстық соты кәсіби медиаторлармен, адвокаттармен, нотариустармен, білім беру басқармасының өкілдерімен, "Атамекен"  ӨКП, ХҚО, ХАТ, кәсіподақтармен, бизнес-қауымдастықтармен, студенттермен және жоғары және орта оқу орындарының сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу оқушылар, студенттер, азаматтар, бизнес-құрылымдар, жалпы барлық халықтар арасында медиацияны дәріптеуге бағытталған.

Таразда сот ұрлыққа оқталу бойынша қылмыстық істі қарауды медиация тәртібімен аяқтады

27/04/2018

К. пайдакүнемдік мақсатында ескі қазандық ғимаратына заңсыз кіріп, ол жерден түрлі-түсті металдарды жасырын ұрламақшы болған. Алайда бөтен дыбысты байқаған ғимарат күзетшілері К.-ні қылмыстық ойын соңына дейін жеткізбей ұстаған.

Таразда сот қылмыстық істі қарауды медиациялық келісімді қолдану арқылы аяқтады

20/04/2018

Тараз қаласының №2 сотында екі балаға қатысты ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Іс материалдары арқылы анықталғандай, олар алдын-ала сөз байласу бойынша бөтеннің пәтеріне заңсыз кіріп, жәбірленуші пәтер иесінің алтын әшекейлері мен ноутбугін ұрлаған. Осылайша, жәбірленушіге жалпы құны 1 080 000 (бір миллион сексен мың) теңгеге залал келтіріп, оқиға орнынан бой тасалған.

Жамбыл облыстық соты мен Кәсіподақ орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

05/04/2018

Меморандумға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков және Өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген қол қойды.

Меморандум жанжалды және дауласушылық деңгейін азайту мақсатында тараптар үшін қолайлы құқықтық орта құру үшін сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеуге бағытталған өзара белсенді іс-қимыл енгізуге бағытталған.

Беттер