Жамбыл облыстық соты

Медиативтік келісім бекіту, талап қоюшыға 5 миллион теңгеден аса көлемдегі мемлекеттік баж салығын қайтаруға мүмкіндік берді

17/08/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Н» АҚ-ның жауапкер  «М» ЖШС-нен қарыз сомасы 155 148 138 теңге, тұрақсыздық сомасы 20 349 039 теңге көлемінде және 5 264 915,04 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Акционерлік қоғам өзінің талап арызында шарт  бойынша жауапкер өзінің қарызды төлеу бөлігіндегі шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамаған деп көрсетеді.

Таразда шарттық қатынастар бойынша дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

07/08/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атамекен» Ұлттық палатасының филиалымен бірлесіп, «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Шарттық қатынастар бойынша дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Қызылордада, Шымкентте және Таразда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдылар бойынша оқудан өтті

03/08/2018

Семинарларды Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков, Нұрия Сисенова және Гүлжан Әлмағамбетова, сондай-ақ сарапшы-қақтығыстанушы, шешендік өнер бойынша жаттықтырушы Меруерт Жүнісбек жүргізді.

Семинар-тренинг Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен, Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі және  «EL TIREGI» Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлік қауымдастығының қолдауымен өтті.

Қызылордада, Шымкентте және Таразда судьялар сөйлеу және коммуникативтік дағдыларды арттырудың қазіргі үрдістерімен танысты.

Көкшетау мен Таразда «Білгір» зияткерлік байқауының жеңімпаздары анықталды

27/07/2018

Ақмола облыстық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.  

Сот өзара дауласып жүрген ЖШС-ларды татуластырды

15/06/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 13 453 794,50 теңге берешекті, 816 262 теңге тұрақсыздық айыбын, 550 000 теңге өкілдік шығындарын және 444 602 теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы дау бойынша өзара жанжалдасып жүрген екі ЖШС-ны татуластырды.

Жамбыл облысының нотариаттық палатасы алты жақты Меморандумға қосылды

12/06/2018

Жамбыл облысының  Нотариаттық палатасы алдында облыстық сот, облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Нұр Отан" партиясының өңірлік филиалдарының, облыстық адвокаттар алқасының, "Бітімгер" медиация және құқық орталығының және "Атамекен" ӨКП өкілдері бекіткен бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қосылды.

Құжаттың негізгі мақсаты – дауларды сотқа дейін және сотсыз реттеу институттарын табысты енгізу мен татуластыру рәсімдерін дамыту болып табылады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарда "Виртуалды соттар" жұмыс жасап жатыр

11/06/2018

Виртуалды соттарды құру - өңірдің жоғары мобильді және технологиялық жағынан ілгері халқын қолдау, сондай-ақ жалпы инновациялық потенциалды арттыру тәсілдерінің бірі.

"Виртуалды соттар" бүгінде халық үшін қол жетімді және тиімділігін көрсетуде. Оларды пайдалану азаматтарға басқа облыстарда, тіпті елдерде орналасқан соттарға сапарлары үшін қажетті қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының судьялары медиация институтын дамытуды көздейді

06/06/2018

Азаматтық қоғамның институттарында медиацияның нығаюы мен дамуына медиацияның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы азаматтардың хабардарлығының жеткіліксіздігі, инновациялық медиативтік технологияларды енгізуде мемлекеттік органдардың формализмі, сондай-ақ жекелеген органдардың медиацияны енгізуге жасырын қарсылық танытуы кедергі келтіреді. Жамбыл облысының судьялық корпусы осындай пікірде.

Сот бітімгершілік келісімді бекітіп, талап қоюшыға миллион теңгеден аса мемлекеттік баж салығын қайтарды

04/06/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖШС-лар арасындағы келісімшарт бойынша аммиак жеткізілімінің төлемін кешіктіргені үшін  48 821 200 теңге қарызды, 6 118 771 теңге айыппұл санкцияларды, 2 441 060 теңге тұрақсыздық айыбын, 230 000 теңге өкілдік қызмет пен 1 721 431 теңге мемлекеттік баж салығын өндіру туралы азаматтық дауды қарады.

Беттер