Жамбыл облыстық соты

Жамбыл облыстық сотында Адалдық дүкені ашылды

30/05/2019

Жамбыл облыстық сотының сатушысы жоқ дүкен ашылды.  Дүкеннен  зат алғысы келгендер ашық кассаға (қорапқа) ақшасын қалдырып, өзіне қажеттісін алады, қажет болса, қайтарым ақшаны да өздері алады.

Жобаның мақсаты – қоғамда сенімділік ахуалын құру.

Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша мұндай жобаларды енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммуниетті қалыптастыруға, жоғары моральдық  қаситеттерді, атап айтқанда имандылық пен адалдықты тәрбиелеуге тікелей ықпал етеді.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті

23/05/2019

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті заң факультетінің студенттеріне «Сот жүйесін жаңғырту құқық үстемдігін нығайтуға және сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағдар» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға облыстық соттың судьялары мен қалалық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысты.

Медиация - дауласқан тараптардың өзара іс-қимылының жаңа нысаны

21/05/2019

ЖШС жоғалған жүктің 13 455 420 теңге құнын және 403 662,60 теңге сот шығындарын өндіру туралы жеке кәсіпкерге талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

ЖШС жеке кәсіпкердің жүкті өздігінен түсіретін автомашиналардың жаңа 116 жиынтық автошиналарын тасымалдау жөнінде өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағанын өзінің талабына дәлел ретінде келтірді.

Цифрландыру жолымен

06/05/2019

Жамбыл облыстық соты «Цифрлы Қазақстан» мен «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде сот ісін жүргізуді цифрлық форматқа біртіндеп көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Халықтың және қонақтардың сот төрелігіне қол жеткізуі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Тараз әуежайының күту залы мен ұшып келген жолаушыларды қабылдау залында өңір соттары сайттарының QR-кодтары көрсетілген стендтер орнатылды.

Таразда татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі әдістемелік оқу құралы таныстырылды

29/04/2019

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева медиаторларға, адвокаттарға, билерге, өңірдегі заң консультанттары палатасы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі әдістемелік оқу құралын таныстырды.

Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотында Отбасы орталығы ашылды

23/04/2019

Салтанатты ашу рәсімін Жамбыл облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен Билер кеңесінің ақсақалы Мейірбек Болатбеков өткізді.

Іс-шараға судьялар, аудан әкімдігінің өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Ж.Рүстембеков кездесуде осындай орталықтарды аша отырып, соттар сотқа дейін және сот сатысында, бірінші кезекте отбасы жанжалдарын шешуде татуластыру рәсімдерін дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

Тараз қаласында «Мектеп медиациясы» кабинеті және «Отбасы орталығы» ашылды

19/04/2019

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында «Отбасы орталығы» ашылды.

Отбасы орталығының ашылу салтанатына ювеналдық соттың судьялары, Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу саласындағы қызметті жүзеге асырушылар құрылымдық бөлімшелердің өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сот 90 миллионнан астам теңгеге медиативтік келісімді бекітті

15/04/2019

Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС екінші ЖШС-не берешекті өндіру туралы арызбен жүгінді.

Өтініш беруге жауапкердің 130 миллион теңгеге ыстық қатты ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасын жеткізу шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау себеп болды.

Жамбыл облысында атқарушылық жазбаны жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар таныстырылды

09/04/2019

Жамбыл облыстық сотында атқарушылық жазбаны жетілдіру мәселелері бойынша біркелкі құқық қолдану практикасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.

Ұсынымдарды облыстық сот азаматтарға, коммуналдық кәсіпорындарға, меншік иелері кооперативтеріне, банк қоғамдастықтарына және нотариустарға көмек көрсету мақсатымен нотариаттық палатамен бірлесіп дайындады. Көмекші құрал борыштарды соттан тыс тәртіппен жедел өндіру рәсімін қамтиды.

Беттер