Жамбыл облыстық соты

Жамбыл облысының Кәсіподақ орталығында медиация кабинеті ашылды

14/11/2018

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында Жамбыл облыстық соты кәсіподақпен бірлесіп медиация кабинетін ашты. Осы іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, облыстық соттың судьялары Динара Нұрлыбаева, Дінмұхамед Әзретқұлов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысының Меркі ауданында Татуласу орталығы ашылды

08/11/2018

«Сотқа дейінгі, соттағы татуласу» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысының Меркі ауданында аудандық соттың бастамасымен Татуласу орталығы ашылды. Оның базасында Отбасын сақтау орталығы да жұмыс істейтін болады.

Таразда оңтүстік облыстың судьялары арасындағы республикалық құқықтық турнирдің аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

26/10/2018

Тараз қаласында жас судьялар арасындағы республикалық құқықтық турнирдің аймақтық кезеңіне Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының судьялары қатысты.

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында Билер кеңесінің кабинеті ашылды

08/10/2018

Жамбыл облыстық сотының бастамасымен Ардагерлер кеңесімен бірге Мойынқұм аудандық сотының ғимаратында Билер кеңесінің кабинеті ашылды.

Б. Әбуевтің пікірінше, өңірде беделді әрі сауатты ардагерлер, өмірлік тәжірибесі бар, дауларды шешетін және тараптарды сотқа жеткізбей-ақ татуластыра алатын шешендер бар. «Билер кеңесінің қызметі адамдар арасындағы даулар мен ұсақ өзара наразылықтарды қысқартуға мүмкіндік береді», - деп есептейді Б. Әбуев.

Таразда судьялар «Бөпе Fair» фестиваліне қатысты

04/10/2018

"Бөпе Fair" отбасылық фестивалін қала әкімдігі мен іскер әйелдер Ассоциациясы отбасы және неке институтын дәріптеу, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, балаға мейірімді әділдікті қамтамасыз ету мақсатында өткізді.

Таразда «Білгір» атты байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды

28/09/2018

Таразда жас судьялар, мемлекеттік қызметшілер мен сот төрелігі Академиясының магистранттары арасында «Білгір» республикалық тарихи-танымдық зияткерлік байқауының қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Бағлан Мақұлбеков, Ғалымжан Мырзаке, Асқаржан Кенжеғарин, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков қатысты.

Жоғарғы Соттың судьясы А.Кенжеғарин Жамбыл облысының судьяларымен кездесті

27/09/2018

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Асқаржан Кенжеғарин Жамбыл облысының қылмыстық істерді қарауға маманданған судьяларымен кездесті.

Бейне-конференц байланысты қолдана отырып жүргізілген семинар жұмысына өңірдің қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Сотта медиациялық келісімге келген талап қоюшы 5 миллион теңгелік айыппұл сомасынан бас тартты

24/09/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы РҚБ-нің жауапкер ЖК-нен келісім шарт бойынша 52 862 теңге негізгі қарыз, 14 303 теңге өсім сомасын және  әр кешіктірілген күн үшін 5 098 936 теңге айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

РҚБ өзінің талап арызында 03.08.2014 жылы жасалған келісім-шарт бойынша көпшілік алдында орындау және сыйақы төлеу жолымен туындыларды жариялауға пайдалану құқығын беру туралы жауапкер ЖК өзінің міндеттемелерін толық орындамағанын көрсеткен.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы аудан соттарында азаматтарды қабылдады

21/09/2018

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандық соттарының ғимаратында көшпелі түрде азаматтарды жеке қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтибеков, Ардақ Әкетаев және аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Облыстық сот төрағасының жеке қабылдауына 7 азамат жүгініп, олар қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот шешімдеріне, олардың еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларына, сондай-ақ сот актілерінің түсіндірмелеріне қатысты мәселелерді көтерді.

Жамбыл облыстық соты «Отбасылық сот» пилоттық жобаның аясында алтыжақты Меморандумға қол қойды

27/08/2018

Жамбыл облыстық сотында «Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында облыс судьялары, ювеналды заң кеңсесінің, білім беру басқармасының, адвокатураның, прокуратураның, «Әділеттік орталығы» ҚБ, «Ана үйі» орталығының, «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің,  «Шанс» құқықтық әлеументтік психологиялық қолдау орталығының, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары, облыс әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Беттер