Павлодарда тергеу абақтысында отырған құқық бұзушы сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 24 жастағы А.-ға қатысты іс материалдарын қарап, оны ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде және 611-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп таныды.

Сот істі А. қамауда болған, тергеу абақтысымен бейнебайланыс арқылы қарады.

Көлік құралын жүргізу құқығы жоқ азамат А. а.ж. 23 қыркүйегінде «Toyota» маркалы автокөлігін басқарып, қауіпсіз жүргізу жылдамдығын асырды және көлденең аралықта қауіпсіздікті сақтамай тұраққа қойылған «Toyota А» және «BMW» автокөліктеріне соғылды. Отырыс барысында құқықбұзушы кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкінді.

Сот А.-ға ӘҚБтК 610 бабының 3 б. бойынша 20 АЕК, ӘҚБтК 611-бабының 3-б. бойынша 100 АЕК айыппұл салды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуы міндетті болып табылатын істердің қаралуына бейнебайланыс арқылы қатысуын қамтамасыз ету мүмкіндігі істің жедел қаралуына әрі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруына ықпал етеді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі