Жамбыл облыстық соты «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осы күні Жамбыл облыстық сотына құқық қоғау органдарының, адвокаттар алқасының, сондай-ақ облыстың коммуналдық қызметінің өкілдері келді. Қонақтар сот жұмысына енгізілген жаңа ақпараттық технологиялармен танысты.

Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов ашып, озық ІТ-технологиялардың кеңінен енгізу, ақпараттық жүйелердің бірігуі сот төрелігінің мобильділігі мен ашықтығын айтарлықтай көтеріп, сонымен қоса, сот ісін жүргізудегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететіндігін атап өтті. «Сот кабинеті» - сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын негізгі жүйелердің бірі. 2016 жылдың 12 айында облыс соттарына 25 159 электрондық талап арыз түскен (тіркелгендердің жалпы санынан 75,3%), ал ағымдағы жылдың 9 айында олардың саны 29440 құраған, яғни 98,9%.

Облыстың және ауданның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Сот кабинеті» бұрыштарының ашылғандығы айтылды. Ғаламтор желісі болмаған жағдайларда азаматтардың сот кеңсесінің мамандарына жүгінбей-ақ,  Халықка қызмет көрсету орталықтарындағы жауапты мамандар арқылы талап арыздарды, шағымдарды немесе өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы сотқа беруге мүмкіндігі бар.  

Соттың қонақтары «Сот кабинеті» жүйесінің мүмкіндіктерімен танысып, оларға сервиске тіркелу тәртібі, арыздарды беру және электронды түрдегі сот отырысының хаттамаларына ескерпе айту, істің қозғалу барысын қадағалау, сот актілерін қағазға басып шығару және т.б. әрекеттер көрнекі түрде көрсетілді.

Кездесудің қатысушылары ұсынылған жүйенің мүмкіндіктерін белсенді түрде талқылады. Прокурор Ғани Құрманов, адвокат Владимир Кондрашев және «Тараз-су» кәсіпорнының заңгері Ақерке Ержанова жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Келушілер осы күні барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі