«Ашық есік күні»

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

11/04/2017

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Клара Жаппасова мен Аида Байтурова, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының студерттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында судьялар студенттерге Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің бірқатары Парламент пен Үкіметтің арасында бөлінуіне байланысты Конституцияға енгізілген өзгерістер, олардың рөлдерінің күшейтілуі, сот жүйесі мен прокуратура органдары бойынша нақтыланған өзгерістер жөнінде түсіндіріп өтті.

Жамбыл облыстық сотында «Ашық есік күні» өтті

01/04/2016

Жамбыл облыстық сотында өткен «Ашық есік күніне» Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов, Сот әдебі комиссиясының төрағасы А. Тілепов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғ. Күлекеев, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ә. Құлдүйсенов, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/02/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Білікті түлек – келешек кепілі» атты «Ашық есік күні» өтті. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің және Академикалық инновациялық институттың ректорлары мен заң факультеттерінің студенттері қатысты.