Кәсіпкерлер сотта татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматылық кәсіпкерлер тұрғын емес үй-жайды жалға беру бойынша өздерінің арасында жасалған шарттан туындайтын талаптармен өзара талап-арызымен сотқа жүгінген.

Атап айтқанда, талапкер жауапкердің үй-жайды жалға алғаны үшін ақы төлемегенін, берешектің  2 195 000 теңгеге дейін өскенін айтады. Өз кезегінде жауапкер талапкердің тұрғын емес үй-жайдың нысаналы мақсатын заңдастырмай, шарттың елеулі бұзылуына жол берген деп есептей отырып, жалдау шартын бұзуды сұрайды.

Аудандық соттың шешімімен талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылды, жауапкердің қарсы талап арызы толық қанағаттандырылды. Сот жауапкерден талапкердің пайдасына қарызды өтеу есебіне 2 195 000 теңге, 50 000 теңге тұрақсыздық айыбын, коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өтеу есебіне 237 110 теңге және 21 950 теңге болатын мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алды. Сондай-ақ, тұрғын емес үй-жайды жалға алу шартын бұзу және талапкерден жауапкердің пайдасына мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығындарды өндіріп алу шешілді (1 203 теңге).

Осындай шешіммен келіспеген жауапкер апелляциялық шағым берген.

Апелляция жүргізген бітімгершілік рәсімдердің нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге келді. Онда  жалға алу шартты бұзу, жауапкердің коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу бойынша шығыстарды және жалға алу төлемі бойынша берешекті өтеу бойынша талапкер шотына  - 1 200 000 теңге төлеу көрсетілген.

Алматы қалалық соты бітімгершілік келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сонымен қатар, апелляциялық сатыдағы сот тараптарға бюджеттен төленген мемлекеттік бажды қайтаруға қаулы етті.

Қайнар: 
Алматы қалалық соттардың баспасөз қызметі