Түркістанда «Отбасым – басты байлығым» атты кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан облыстық соты қала әкімдігінде Түркістан қалалық сотына некені бұзу туралы талап арыз берген ерлі-зайыптылармен «Отбасым – басты байлығым» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара «Отбасылық сот» жобасын іске асыру шеңберінде болып өтті. Оған судьялар, облыстың ақсақалдар және ардагерлер кеңесінің басшылары Жарылқасын Әзіретбергенов және Жарқынбек Кулбайымбетов, қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков, мемлекеттік органдардың, Аналар кеңесінің өкілдері, психологтар мен медиаторлар қатысты.

Облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов сөз алып, сотқа некені бұзу туралы талап арыз берудің артқанын және оларды азайту бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. «Кейбір азаматтар белгілі бір жеңілдіктер мен жәрдемақыларды алу үшін некені бұзу және әке болудан бас тарту туралы арызбен формальды түрде сотқа жүгінуде», - деді және тексеру кезінде жоғарыда көрсетілген жеңілдіктерді (жәрдемақыларды) алу туралы заңды бұзу анықталған жағдайда оның салдары ауыр болатынын ескертті.

Түркістан қалалық сотының судьясы Қымбат Чингиспаева балалар мен балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгімеледі. Спикер дауларды қарау, алиментті өндіру туралы сот шешімдерін орындау кезінде туындайтын бірқатар мәселелерді атап өтті, статистикалық деректер келтірді.

Кездесуге қатысушылар отбасыны сақтау мақсатында отбасылық проблемаларды сотқа дейін шешудің және сотта шешудің оңтайлы жолдарын талқылады. Олар жұмысты одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді, атап айтқанда құрамында ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңесінің мүшелері және имам бар топ құрылды, оның құзыретіне дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешу шараларын, сондай-ақ тараптарды істі сотта қарау сатысында татуластыру кіреді.

Источник: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі