Дс, 21/01/2019 - 17:54
Бүгін Нұрғазы Абдиқанов өзі басқаратын Алматы қалалық сотындағы фойенің жаңа бейнесімен келушілерді таныстырды.
«Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында өткізілген іс-шараға судьялар, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген, Сот әкімшісінің жетекшісі Данияр Қырықбаев, заңгерлер мен блогерлер қатысты.
Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып жабдықталған кең залда (200 кв.м.) жайғастырылған. Офис хай-тек үлгісінде, жайлы да ашық кеңістікке басымдық беріле отырып безендірілген. Кіре беріс кеңістікті қайта ұйымдастыру тұрғысындағы мұндай - «кедергісіз» ұстаным көзқарасы ашықтық пен қолжетімділікті, сотқа келушілерге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Фронт-офисте ақпараттық орталық, кеңсеге кіру мен өзіне-өзі қызмет ету аумағы орналасқан. Бұл күту аумағы қатар тізген креслоларымен, мобильді қондырғыларды қукаттап алу мүмкіндігімен, кондиционирлеу жүйесімен, Wi-Fi-ге қолжетімділікпен және телефон байланысымен өзіне назар аударта түседі. Залда су құйылған диспенсер бар.
Кеңсеге кіру аумағында сотқа келуші қажетті құжаттарды қолма-қол, сол сияқты электрондық нұсқада да тапсыра алдаы.
Жеке қызмет көрсету аумағы да нақ осы арада орналасқан, мұнда қалалық сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдау жүргізетін болады.
Фронт-офистің жұмысын кәсіпқой қызметкерлер штаты қамтамасыз етеді.
Биылғы жылы фронт-офистер Алматының бірқатар аудандық соттарында да ашылады.