ЖСК Төрағасы А.Смолин Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстық соттарында өткен жалпы отырыстар жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысына қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына қатысуға жіберідген үміткерлерді талқылады.

Отырысты ашқан, облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

А.Смолин әзірлеу жүйесін жетілдіру, сот кадрларын іріктеу, сондай-ақ судьялардың кәсібилігін арттыру басты міндет болып табылатынын атап өтіп, сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету бойынша Жоғары Сот Кеңесінің қызметіне ерекше тоқталып өтті.

Жалпы отырыстың алдында құрамына жергілікті қоғамның беделді өкілдері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қоғамдағы пікірді білу мақсатында үміткерлердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында жарияланған болатын.

Жалпы отырыстың қатысушылары конкурсқа қатысып отырған үміткерлермен әңгімелесу барысында, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударды. Талқылау нәтижесі бойынша 24 үміткердің 19-ы оң қорытынды алды.

 

Жамбыл облыстық сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға ұсынылған кандидатураларды талқылау бойынша жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырыстың жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Рүстем Алшынбаев іс-шараны ашып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштері, судьялар әдебі және еңбек тәртібін ережелерін сақтау негізінде судьялардың кәсіби қызметін бағалау тәртібі енгізілгендігін атап айтты.

Анатолий Смолин өз сөзінде, Ұлт жоспарының 17-қадамын жүзеге асыру аясында заңнамамен судья лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу механизмдері айтарлықтай күшейтілгендігін көрсетіп, сот корпусын кандидаттарды талқылау жұмысына жауапкершілікпен қарауға және кәсіби, моральдық-әдеп тұрғысынан лайықты тұлғаларды іріктеуге шақырды. 

Жалпы отырыстың қатысушылары соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес қорытындысын қарап, конкурсқа қатысушы барлық кандидаттарды талқылады.

Талқылау нәтижесі бойынша 26 үміткердің 24-ы оң қорытынды алды.

 

Қызылорда облыстық сотының жалпы отырыс жұмысына Жоғарғы Сот судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев қатысты.

Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Мемлекет басшысының cудьялардың VII съезі және Қазақстан халқына Жолдауында соттарға қойған міндеттерін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Ә.Құрықбаев басшылық судьялық лауазымдарға үміткер судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасы көрсеткіштерімен қатар, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне де назар аударды. Сонымен қатар, Ә.Құрықбаев қатардағы судья лауазымына үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, үміткерлердің  өмірбаяндары және еңбек жолдарымен танысты.

Жоғарғы Сот судьясы үміткерлердің судьялық қызметті таңдағанын себебіне көңіл бөліп, қазылық, басшылық қызмет атқаруға деген моральдық, психологиялық даярлықтарына ерекше мән берді.

Талқылау нәтижесі бойынша 20 үміткердің 20-сы оң қорытынды алды.

Қайнар: 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі