Жоғарғы Сот судьялары мен Сот төрелігінің оқытушылары судья лауазымына кандидаттарды оқыту әдістемесі бойынша тренингтен өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот судьялары мен Сот төрелігінің оқытушылары 17-18 наурызда судья лауазымына кандидаттарды оқытудағы педагогикалық шеберліктің қазіргі заманғы әдістері бойынша тренингке қатысты.

Тренингті БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырды және ол Ақмола облысы Бурабай өңірінде болды. Іс-шара «Мінсіз судья» жобасы шеңберінде өткізілді.

Қатысушылар ересектерді оқыту (андрагогика), инновациялық әдістемелер мен оқытудың қазіргі заманғы технологияларын, сондай-ақ педагогикалық дағдыларды дамыту мәселелелерін қарады.

Мәселен, Еуропадағы ересектерді оқыту саласындағы ғылым докторы оқытушыларды оқыту және оқытудың инновациялық әдістемелерін қолдану бойынша белгілі мамандардың бірі Отилия Пакурари педагогикалық шеберлілікті таныстырды. Спикер судьялардың барлық оқыту процесін – оқу материалдарын әзірлеуден және білім алушылардың бойында дамытуы қажет маңызды құзыреттілікті айқындаудан  бастап, оқытудың интерактивтік әдістері мен оларды бағалаудың тиімділігіне дейін кезең-кезеңмен таныстырып шықты. Тренинг қатысушылары судьялардың жаңа буыны үшін неғұрлым өзекті тақырыптарды айқындауға үйренді.

Тренинг қызу пікірталаспен, шағын топтарда және практикада жинақталған дағдыларды тікелей қолдана отырып, жұмыстар жүргізумен жалғасты. Табысты оқыту қағидаттары бірлесіп ой-талқыға салу, презентациялар құру және шағын-тренингтер өткізу шеңберінде қаралды. Тренинг тыңдаушыларының назары оқу бағдарламаларын әзірлеуге, интерактивтік оқыту әдістемелерін пайдалануға және оқытудың бағалауын өткізуге аударылды.

Тренинг қатысушылар атап өткендей, өте пайдалы болды, өзекті мәселелер талқыланды, қажетті дағдылар игерілді және тәжірибе алмасуы жүргізілді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі