Жоғарғы Сот Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын инвестордың мүддесін қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Астана қаласы, Алматы және Ақтөбе облысының соттары бұрынырақта шығарған үш іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырды. Осылайша, жалпы сомасы 107 488 739 теңгені құрайтын импорттық кеден алымын, қосымша құн салығы мен үстемеақыны қосу туралы кеден органдарының хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Даудың мәніне келер болсақ, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС 2012 жылғы 6 қаңтардағы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг шарты) бойынша Қазақстанда қызмет атқара жүріп, 2011-2014 жылдары сырттан әкелінген тауарларға төлем жасау кезінде 724 032 040 теңге көлемінде кедендік құнды қоспаған. Бұл жағдай Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде анықталып, импортталатын тауарлардың кедендік құны түсірілген деген қорытынды жасаған. Бұл, өз кезегінде, Астана қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстары бойынша 107 488 739 теңге көлемінде кедендік төлемдер, салықтар мен өзге де үстемақыларға қосымша ақының қосылуына алып келген.

Дей тұрғанмен, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтау туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес сырттан әкелінетін тауарлардың кедендік құнына лицензиялық төлемдерді қосу шарттарына олардың сырттан әкелінетін тауарлар болып табылатындығы және бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде тікелей немесе жанама бұл төлемдерді төлеу немесе төлеу қажеттілігі жатады,

«МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің сырттан әкелетін тауарлардың кедендік құнына төлемдерді жүргізу шартының жоқтығы істі қарау барысында анықталып, тиісті материалдармен расталды. Дербес тауарлық белгілерді қолданғаны үшін лицензиялық төлемдер аударылмаған және аталған серіктестік тарапынан нақты төленбеген.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі