Сот берешекті өндіру туралы дауды партисипативтік келісім жасау арқылы шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық соты азаматтар арасындағы берешек сомасын өндіру туралы азаматтық дауды қарады.

Сот, жауапкер талап қоюшыдан жеті айдың көлемінде қайтарып беруге міндеттеніп, 20 000 АҚШ долларын қарызға алғанын, ол туралы жазбаша қолхат бергенін анықтады. Алайда, жауапкер өзіне алған міндеттемені орындамаған. Осыған орай талап қоюшы жауапкерден 20 000 АҚШ долларын (6 616 200 тенге) сот шығындарымен қоса өндіруді сұрады.

Істі талқылау барысында тараптар адвокаттардың қатысуымен партисипативтік келісім жасасты. Келісімге сәйкес жауапкер а.ж. 30 тамызына дейін талап қоюшыға 6 000 000 теңге төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өзінің талабының қалған бөлігінен бас тартты.

Сот дауды партисипативтік рәсім тәртібіде реттеу туралы келісімді бекітті, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі