Сот ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық соты ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану - ескі редакцияда) бойынша Көшім психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры К.Жұмағазиевті кінәсіз деп таныды.

Сот оның іс-әрекетінде азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеліп соқтыратын қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды.

Алдын ала тергеу органдары К.Жұмағазиевті жұмысқа адамдар алған, ол тұлғалар шын мәнінде жоғарыда аталған ұйымда жұмыс жасамаған, бірақ жалақы алды деп айыптаған.

Істі қарау барысында қызметкерлер штатта аула сыпырушылар болып тіркелгенмен, аталған мекемеде компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарғандықтан, бұл факті расталмаған.

Анықталған фактілер бойынша бірінші сатыдағы сот К.Жұмағазиевтің іс-әрекетінің заңдылығын қылмыстық қудалау тәртібінде емес, еңбек заңнамасы шеңберінде қарау керек деген шешімге келді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі