«Smart Сот»: уақыт пен сот шығындарын үнемдеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік-Қазақстан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Smart Сот» жобасының аясында «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің екінші жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қойған берешектікті және тұрақсыздықты өндіру туралы талап арызы бойынша істі қарады. Талапкердің өкілі өзі Шымкент қаласында болғанына байланысты сот отырысын бейнеконференцбайланыс арқылы жүргузі туралы өтінішін білдірді. Апелляциялық шағымын бере отырып, талапкер сот шығындарының негізсіз азайтылғанын айтып, олардың сомасын көбейтуді сұрады. Сот жауапкерден талапкердің пайдасына көлiк-экспедиторлық қызметтер шарты бойынша 3 млн. астам берешектік сомасын, тұрақсыздықты және өкіл көмегі мен мемлекеттік баж шығындарын өндірді.

Істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын, қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысып шығуға мүмкіндік береді. Сот процесінің қатысушылары электрондық сот ісін жүргізуге қатысты өздерінің тек оң пікірлерін айтты. 

Соттар әкімшісі жергілікті атқару органдарымен БКБ-ны орнату бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Осылайша, шалғайдағы Аққайың ауданы, Қызылжар ауданының  Тоқшын ауылдық округі және Соколов ауылдық округтерінде «Виртуалды сот» кабинеттері ашылып, техникалық жағынан жабдықталды. Округ тұрғындарының өзінің елді мекенінен шықпай-ақ сот процестеріне қатысу мүмкіндігі бар. Ол үшін СМС-хабарлама алығаннан кейін тұрғылықты жері бойынша әкімдікке келуі жеткілікті. Онда өкілетті маман аталған уақытта сотпен бейнеконференцбайланысты жұмыс қалпына келтіреді.

Осындай кабинеттер арқылы Қызылжар және Аққайың аудандық соттары нақты уақыт режимінде бірқатар істі қарады. «Виртуалды сот» кабинетін Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінде ашу жоспарланып отыр.

Өңірдің соттары 2018 жылы  «Smart Сот» жобасы бойынша 1 478 істі қарады,  «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы 36 сот отырысын өткізді, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерімен бейнеконференцбайланысты қолдануменен 1 287 істі, республиканың жергілікті соттарымен 68 істі, ІІД  қабылдау-тарату орнымен 86 істі қарады және облыстық туберкулезге қарсы диспансерiмен 2 отырысты өткізді.  

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі