Шығыс Қазақстан облыстық сотында банктік заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдуғалиев «Банк қызметімен байланысты дауларды қарау бойынша сот тәжірибесі және банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық соттың, экономикалық, қалалық соттардың, бейнеконференсбайланыс арқылы - Семей қалалық сотының судьялары, облыстың прокурор орынбасары Виталий  Шабер,  облыстық прокуратура өкілдері,  «Қазақстан халық банкі» АҚ,  «Еуразиялық банк» АҚ «Центркредит банкі» АҚ филиалдары және де адвокаттар қатысты.

Мәжіліс барысында банктің дауларына қатысты қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Банк қарыздарының келісім-шарттарынан туындаған даулар бойынша сот практикасы бүгінгі күні өзекті болып табылады. Өйткені көп жағдайда банктар мүлікке салынған ақы өндіріп алу және  қарызды  өндіріп алу туралы шағымдардың бастамашысы болып келеді.

Кездесуге қатысушылар банктік дауларға қатысты татуластыру рәсімдерін қолдану, дауларды қараудың проблемалық мәселелері, банктік қарыз келісім шарттарынан туындайтын, оның ішінде банктік  қарызды беруге байланысты комиссиялық төлемдерді өндіруге, кепілдік мүлікті өндіруге байланысты шағымдарға  қатысты, заңнамана талаптарын қолдану мәселелері, банктік қарыз келісім-шарттары бойынша борышкердің қарызын өндіруге қатысты мәселелер талқыланды.

Жеке тұлғалардың банк қарыздары келісім-шарттарын жарамсыз деп тану туралы талаптары бойынша азаматтық істер  салыстырмалы түрде аз мөлшерде қаралған. Мұндай істердің бастамашылары, қарыз алушылар немесе банктік қарыз келісім-шартын жасау кезінде құқығына нұсқан келген тұлғалар. Экономикалық даулар, сот-экономикалық  сараптама тағайындауды шешуде қарыз алушылардың банк қызметіне шағымдану туралы азаматтық істерді қарағанда мүлік кепілінен ақы өндіру туралы мәселелер талқыланды.

Семинарға қатысушылар банктік заңнаманының талаптарын, 2016 жылдың 25 қарашасындағы Жоғарғы Соттың «Банктік қарыз келісім шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының ережесін тікелей сақтау қажеттігін атап өтті.

Кездесудің  соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта жүзеге асыру үшін жүргізілген талқылаулар бойынша ұсынымдар әзірледі.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі