Павлодарда сот айыппұл түріндегі жазаны нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 соты Мүлікті мемлекет пайдасына ауыстыру бойынша Павлодар аумақтық бөлімінің сот үкімі бойынша тағайындалған 43 300 000 теңге сомасындағы төленбеген айыппұлды Қылмыстық кодекстің тиісті бабының санкциясы шеңберінде бас бостандығына айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2015 жылғы 16 сәуірде Г.Боромбаевты ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігіне, 24-бабының үшінші бөлігіне, 367-бабының үшінші бөлігінің 1,2 тамақтарына сәйкес (үлкен мөлшерде пара беруге оқталуға көмектесу) 43 500 000 теңге көлемінде айыппұл сомасын төлеуге үкім етті.

Сот ұсынысты қарап, сотталғанға мүлкін тәркілеумен, 3 жылға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі