Өскемен қаласының № 2 сотында айыппұл түріндегі жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Өскемен қаласының № 2 сотында сот орындаушысының  сотталушыға  тағайындалған айыппұлды төлемеуіне байланысты жазаны бас бостандығынан айыру жазасына  ауыстыру  туралы ұсынысы қаралды.

Өскемен қаласының № 2 сотының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен Е.Болусов ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2- бөлігінде (айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 1 948 6500 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалған. Сотталушы  үкімге жоғары тұрған сотқа  шағымданған, алайда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

 Е.Болусов тағайындалған мерзімде, яғни үкім заң күшіне енген соң 1 ай мерзімде айыппұлды төлемеген. Соған орай, сот орындаушысы ҚР ҚК-нің 41-бабының 3-бөлігінің талаптары бойынша айыппұл түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру ұсынысымен жүгінген.  

Сот қаулысымен  Е.Болусовқа тағайындалған айыппұл түріндегі жаза  жалпы режимдегі түзеу колониясында 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі