Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында  азамат С.Камаловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында сотталушы Астана қаласында тұрғын үйде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары тек Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында орналастырылуға жатады, басқа жерге орналастыруға тыйым салынған. 

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот үкімімен азамат С.Камалов ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылды. Сотталушыға жеке мүлкі тәркілене отырып, 500 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде сомасы 991 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі