Парламент Сенатының депутаты Л.Сүлеймен Ақмола облысының соттарына барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен "Медиация туралы" Заңды іске асыру бойынша Ақмола облысы соттарының қызметімен танысты.

Депутатпен кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров медиация институтын дамыту, "Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы шеңберінде татуласу рәсімдерін қолдану, соттардағы татуласу кабинеттерінің, АНК жанындағы Достық үйіндегі Татуласу орталықтарының, Кәсіподақ орталығының жұмысы, аудандардағы Билер кеңесі, “Мектептік медиация” және “Отбасы соты” жобаларының қызметі туралы әңгімелеп берді.

Д.Әміров Татуласу орталықтары мен медиация кабинеттері халыққа соттан тыс дауларды шешу институттарын насихаттау мен дамыту, қоғамдағы жанжалды азайту бойынша жұмыс істеу үшін бірыңғай алаң құру мақсатында ашылғанын атап өтті. Соттан тыс Татуласу орталықтары азаматтарға кеңес береді, медиаторды таңдауға, татуласу жүргізуге және келісім жасауға көмектеседі. Ол өткен 10 айда өңір соттары медиацияны қолдана отырып 3 045 істі немесе жалпы істер санының 11,2% – ын, 2018 жылы-3 339 істі (9,4%) қарағанын, республикалық көрсеткіште - 7,6 % екенін хабарлады. Билердің 12 кеңесі құрылды, олардың қатысуымен  331 іс қаралды.

Л.Сүлеймен Көкшетау қалалық сотына және Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барды, онда ол бітімгершілік рәсімдер жөніндегі үйлестіруші-судьялармен, адвокаттармен, медиаторлармен, психологтармен, нотариустармен, Қазақстан халқы Ассамблеясының, әкімдік өкілдерімен және би кеңесінің мүшелерімен кездесулер өткізді.

Ақмола облыс Көкшетау қалалық сотының судьялары Роза Ертаева және Гаухар Нұрманова азаматтардың дауларын шешкен кезде бітімгершілік рәсімдерін қолдану туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар медиацияны дамыту мақсатында заңға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талқылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі