Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

30/04/2024

Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.
Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді.

Инвесторлардың қатысуымен сот практикасының талдауы жарияланды

30/04/2024

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттарының 2021 жылдың екінші жартыжылдығына, 2022-2023 жылдарға инвесторлардың қатысуымен болған дауларды қарауы бойынша сот практикасына талдау жарияланды.
Мұндай дауларды соттар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 102-бабының 3 бөлігі және Азаматтық процестік кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігі бойынша Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бірінші сатыда ӘРПК нормалары бойынша қарайды.
Талдау мына жерде жарияланған:

Қостанай қаласының №2 соты 70 азаматты алдап, 78 млн. теңгесін иемденген жалған турагентті соттады

29/04/2024

3911-23-00-1/380
 
Азамат Ф.-ға екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша айып тағылды (ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1, 3, 4-тармақтары).
 
Сот анықтады

 2021 жылдың ортасынан бастап Ф. жеке кәсіпкер ретінде шарттық қарым-қатынаста болған жұмыс істеп тұрған туроператорлардың турпакеттерін сатумен айналысқан.

 Клиенттік базаны қалыптастырып, азаматтардың сеніміне ие болған ол клиенттердің ақшасын иемдену үшін қылмыстық әрекетке кіріседі.

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

27/04/2024

Жоғарғы Сот ұжымы елордада өткен “Тазарту” атты жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жоғарғы Соттың 200-ге жуық судьясы мен қызметкерлері Астана көшелеріне ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бұл – жоғарғы сот ұжымының ауқымды экологиялық айлық акциясында елорда көшелері мен аулаларын абаттандыру мен көгалдандыруға қосқан үлесі.

Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Автобус соғуынан адам өлімі болған ЖКО-ға кінәліге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

26/04/2024

32 жастағы Д.Ахметжановқа абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан бұзақылық және көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзу (ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі, 351-бап 3-бөлігі) бойынша айып тағылды.

Сот процесі әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Сот нені анықтады

Қайғылы оқиға Алматыда 2023 жылдың желтоқсанында болды, Д.Ахметжанов әйел жүргізуші басқарған автобуста жүріп жол ақысын төлеу туралы заңды талабына агрессиямен жауап берген. 

Жоғарғы Сотқа Германия, Өзбекстан, Украина және Қазақстан жоғары оқу орындарының профессорлары мен студенттері келді

26/04/2024

Жоғарғы Сотқа келген «Германия, Қазақстан және Украинадағы әкімшілік әділет арқылы конституциялық құқықты қорғау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинардың 30-ға жуық қатысушысы оның жұмысымен жан-жақты таныс болды.

Қонақтардың қатарында Шығыс Еуропалық құқық институтының, Регенсбург, Будапештегі Андраши, Людвига-Максимилиана атындағы Мюнхен (Германия), Ташкент мемлекеттік заң (Өзбекстан), Я.Мудрый атындағы Ұлттық заң (Украина) және Maqsut Narikbayev University (Қазақстан) университеттерінің профессор-оқытушылары құрамы мен студенттері бар.

ҚР ЖС қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ә.Қуанышқа қатысты үкімді өзгертті.

25/04/2024

Сот үкімімен Қуаныш ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан көлікті мас күйінде басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша кінәлі деп танылған. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазаны жеңілдететін және ҚК-нің бабында көрсетілгендей,
ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі санкцияда көзделген ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауы керек.

Әскери соттың жаңа төрағасы Ғалымжан Нәсірдінов ұжымға таныстырылды

25/04/2024

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Әскери сотының судьялар корпусына жаңа төраға Ғалымжан Нәсірдіновті таныстырды.

 Іс-шараға судьялар, Бас прокуратура, Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан, Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты.

Шымкент қалалық сотының төрағасы – Әділхан Шайхисламов

25/04/2024

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Шымкент қалалық сотының судьяларына жаңадан тағайындалған төраға Әділхан Шайхисламовты таныстырды.

Кездесуге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қаланың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, судьялар мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде А.Түкиев Әділхан Шайхисламұлының 20 жыл судьялық тәжірибесі барын, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін, жоғары біліктілігін, ерекше адалдығы мен қажырлы еңбегін атап өтті.

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда

24/04/2024

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

Беттер