Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығын іске қосуға пәрмен берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды.

Іс-шараға жоғары сот органының төрағасы Қ.Мәми мен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов қатысты. Таныстыру рәсімінің соңында Мемлекет басшысы Ахуалдық орталықтың жұмысын іске қосу жөнінде қашықтықтан пәрмен берді.

Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақтылы басталуы. Сот статистикасын жүргізуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Бұған қоса, Ахуалдық орталық республиканың 1418 сот залдарында процестердің өту барысын қадағалайды. Бұл соттағы дөрекі іс-қимылдарды, соның ішінде сот процесіне қатысушыларға төнген қауіпті тез арада анықтауға мүмкіндік береді.

Ахуалдық орталық сот жұмысының кестесінде болатын ақауларды жедел анықтау мен түзетуге бағытталған. Бұл - сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім.

Кеңес барысында Мемлекет басшысына соттардағы жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша бірқатар соңғы жетістіктер де көрсетілді. Бүгінде «Сот кабинеті» сервисіне 180 мыңнан астам қолданушы тіркелген, жыл сайын соттардың сайттарында бір миллионнан астам іс орналастырылады. Жоғарғы Сот сайтының жеке дара көрушілерінің саны айына 150 мыңға жуық.

Еліміздің Президенті мобилді сот кабинетінің мүмкіндіктері туралы да хабардар болды. Аталған сервис тарапқа сотқа келмей-ақ қашықтықтан қатысуға мүмкіндік береді. Бұны Интернетке шығатын заманауи мобильдік құрылғы көмегімен үйден, кеңседен, басқа қаладан, соның ішінде шетелден де қосылуға болады.

Жоғарғы Сот республикада толыққанды «электронды сот төрелігі»       жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Ол сот төрелігін жүзеге асыру кезінде халықтың соттармен өзара қарым-қатынасы мәселелерін қамтиды. Бұл жұмыс өзінің нақты нәтижелерін беруде. Бүгінгі күні соттарға электронды түрде берілген өтініштердің үлесі 91 пайызды құрайды.

Соттарға жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда және Жоғарғы Сот басшылығының тұрақты бақылауында.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі