Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес мүшелері Жоғарғы Сотта болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Президент жанындағы Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің (экономикалық блок) өкілдері - Мұхтар Тайжанды, Ораз Жандосовты, Азаматхан Әміртаевты, Болат Палымбетовті, Қайырбек Арыстанбековті, Арманжан Байтасовты және Бағдат Мусинді қабылдады.
Кездесуге Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы да қатысты.
Меймандар "Сот төрелігінің 7 түйіні" бағдарламасын іске асырудың алғашқы нәтижелерімен, Жоғарғы Соттың заңнамалық бастамаларымен және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның қызметімен танысты.
Кездесуде Ж.Асанов сотқа сенімді арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары сот органының Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес өкілдерімен сындарлы диалог орнатуға әзір екендігін жеткізді. Спикер сот төрелігінің негізгі қағидаттарын, судьялық кадрларды іріктеу мен бағалау тетіктерін, судьялардың тәуелсізідігі мен бейтараптылығын нығайту жайын айтып өтті.
Меймандар республика экономикасын дамытуға сот жүйесінің ықпалын арттыру, атап айтқанда, жер, корпоративтік және қаржы дауларын қарау мәселелерін көтерді. Олардың әрбірінің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берілді.
Тараптар талқылау және Жоғарғы Соттың тиісті Нормативтік қаулыларына түзетулер енгізу арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табуға келісті.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: