Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Көкшетау қалалық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотында болды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қонақтарға соттың фронт-кеңсесін таныстырып, халықпен жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстары мен татуластыру рәсімдерін кеңінен іске асыру туралы айтып,  аудио-, бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдарын көрсетті.

Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек сотта  IT-технологияларды қолдану, «Сот кабинетінің», Ақпараттық орталықтың», «QR-кодтың» жұмыс істеу принциптері және сот жұмысын бағалау бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізу туралы хабардар етті.

А. Шпекбаев келушілермен әңгімелесіп, соттың ашықтығын қамтамасыз етудің, халықпен кері байланыс орнатудың және азаматтар мен адвокаттар, медиаторлар үшін тиісті жағдайлар жасаудың қажеттілігін атап өтті. «Келушілер сотта кедергіге тап болмауға тиіс, сот дауларды шешу үшін қолайлы жағдайларды туғызуға міндетті", - деп атап өтті ол.

Агенттік төрағасы судьялар мен сот қызметкерлеріне тұрғындармен өзара байланысты жолға қою, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жолында табыстар тіледі.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі