Екібастұзда жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкері 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық соты жер телімдерін заңсыз сату фактісі бойынша Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы маманына қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімінің маманы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, алаяқтық пен сенімді теріс пайдалана отырып, 35 азаматтың (олардың көпшілігі Монғолиядан көшіп келген) жер телімдерін заңсыз сатқаны, жәбірленушілерге 6 миллион теңгеден аса материалдық шығын, сондай-ақ мемлекет мүддесіне елеулі зиян келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

Сот Б.-ны ҚР ҚК-нің 314-бабының бірінші бөлігі, 177-бабының үшінші бөлігінің «г» тармағы (1997 жылғы ескі редакция) бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, үш жарым жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына соттады.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі