Батыс Қазақстан облыстық сотында жеке ұйғарымдарды (қаулылар) шығаруға және орындауға байланысты мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында өткен семинарда азаматтық және әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған судьялар жеке ұйғарымдарды (қаулыларды) шығаруға және орындауға байланысты мәселелерді талқылады.

Облыстық соттың судьясы Хабиболла Аманқұлов 2017 жылдың бірінші тоқсанында бірінші сатыдағы соттар азаматтық істер бойынша 57 жеке ұйғарым, әкімшілік істер бойынша 95 жеке қаулы шығарғанын атап өтті. Апелляциялық сатыдағы сот азаматтық істер бойынша 7  жеке ұйғарым, әкімшілік істер бойынша 3 жеке қаулы шығарған.
Талдау көрсеткендей, жеке ұйғарымдар (қаулылар) соттың іс-әрекеттерінде оларға қатысты қылмыстық, әкімшілік іс қозғауға, не заң бұзушылықтарды жоюға негіздер анықталған лауазымды және жеке тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың, полиция, прокуратура және әділет органдарының атына ден қою шараларын қабылдау қажеттігі жөнінде шығарылған.

АПК-нің 270-бабы және ӘҚБтК-нің 826-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұйым басшылары, лауазымды тұлғалар немесе өзге де басқару функциясын орындайтын тұлғалар жеке ұйғарымды (қаулыны) қарауға және бір ай мерзім ішінде өздері қолданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдардың сұрақтарына жауапты уәкілетті органдар тиісті мерзімде беріп отырған, алайда ден қою шаралары формальды түрде жүргізілген.

Семинар қорытындысы бойынша соттарға сот актілерінің уақтылы және сапалы орындалуына сот бақылауын күшейту тапсырылды.  Жеке ұйғарымдар тиісінше орындалмаған жағдайда, кінәлі тұлғаларға ӘҚБтК-нің 664-бабында көзделген нақты әкімшілік жауапкершілік шараларын қабылдау қажеттігі айтылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі