Атырауда облыс әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлерге қатысты сот үкімі ішінара өзгертілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы 17 сотталғанға қатысты, соның ішінде облыстық  әкімдігінің бұрынғы  лауазымды  тұлғалары Б.Дәукенов, А.Әбдіров, А.Керімовтің  және жеке кәсіпкерлердің қылмыстық ісі бойынша сот қаулысын  шығарды.

Қылмыстық іс материалдарында көзделгендей, барлық сотталғандар қызмет бабын пайдаланып  қылмыстық топтың құрамында болғаны, аса ірі мөлшерде қаражатты жымқырып, қызмет бабын асыра пайдаланғандары үшін сотталған.

Аталған қылмыстық іс Атырау облысы прокурорының  кассациялық наразылығы, сотталушылардан және олардың қорғаушыларынан түскен шағымдарына байланысты қаралды.

Кассациялық сот алқасының қаулысымен бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың  үкімі мен қаулысы  ішінара  өзгертілді. Сот мүліктерді мемлекет пайдасына қайтару туралы бөлігін өзгертіп, 3 пәтерді, 2 тұрғын үйі бар 5 жер телімін тыйым салынудан босатты.

Сотталушылар мен олардың қорғаушыларының  кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылып, облыс прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды. Сот актілері мемлекет пайдасына қайтарылған мүліктің жартысы қазіргі таңда сотталғандарға және олардың туған-туыстарына тиесілі болмағандықтан, өзгертілді.

 

 
Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі