Атырауда алаяқтық әрекеті үшін азаматша сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотында азаматша Э.Струняшеваға қатысты   қылмыстық іс қаралды. Ол алаяқтық үшін айыпталды.

2015 жылғы сәуір айында Атырау қаласының ІІБ-ға Атырау қаласының 25 тұрғынынан арыз түскен. 2014-2015 жылдар аралығында олардың әрқайсысы Э.Струняшеваға жер телімін өз аттарына рәсімдеу үшін 50 мың теңгеден берген.

Сотталушы жәбірленушілерге қаланың шет жағындағы мөлтек аудандардың бірінен 10 сотық жерді сатып алуды ұсынған. Ал кейбір жәбірленушілерге өзі бағбандық қоғамның төрағасының орынбасары қызметін атқаратын «Проектировщик А.» БҚ-ның  ақша алу жөніндегі кассалық-кіріс ордерін рәсімдеп береді.

Сотталушы Э.Струняшева тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерге жер телімін бірнеше мәрте сатуға ұсынғандығын растады.

Сот Э.Струняшеваны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында (алаяқтық)  көзделген қылмысты жасағы үшін кінәлі деп таныды. Оның жеке мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығын шектеуге, осы мерзім ішінде оған қатысты пробациялық бақылау орнатуға және жергілікті әкімшілік органдары белгілеген жерде 60 сағаттық қоғамдық жұмысты атқару  жазасын тағайындады. Сонымен бірге ол азаматтарға келтірген материалдық шығынды да өтейтін болады.

Сот үкімі  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі