Алқа билер үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Қылмыстық қудалау органдарымен 2012 жылдың көктемінде қылмыстық сөз байласу арқылы жеке кәсіпкерді күш көрсетіп, қару қолдану арқылы, оны ұрлап, қамауда ұстаған, сондай-ақ 200 000 АҚШ доллар сомасындағы ақшалай қаражатты бопсалады деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмысты істі Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқа билерінің қатысуымен қарады. 

Алқа билерінің қатысуымен қаралған соттың ақтау үкімімен сотталушылар А.Адаев пен Р.Қабылбаевтар өздеріне телінген қылмыстар бойынша кінәлі емес деп танылды. Олардың кінәлары дәлелденбегендіктен, ақталып , сот залынан тез арада босатылды. 

Қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, сот ақталушыларға қылмыстық іс жүргізген жауапты орган тарапынан келтірген шығынды өндіріп алу мен реабилитациялану құқықтары бар екендіктерін ескертті.

Сондай-ақ, алқа билері сотталушы Р.Мәдиевке қарсы айыптау үкімін шығару туралы қаулы етті. Қылмыстық іс мән-жайлары бойынша алқа билерінің бекіткен айыптау үкіміне сәйкес Р.Мәдиевтің қылмыстық әрекеті  ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі «а», «в», «г», «з», 181-бабының 4-бөлігі «б» тармағы, 251-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Сот үкімімен Р.Мәдиев жеке дүние мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу үшін 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған апелляцялық тәртіппен шағым түсірілуі немесе наразалық келтірілуі мүмкін.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі