Архив событий

29/08/2013

Ата заң күні ұлықталды

29/08/2013

«Сот әділдігі» атты киелі ұғым салтанат құрған Жоғарғы Сот ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Жоғарғы Соттың басшылығы мен судьялары және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз  ету департаментінің қызметкерлері қатысты. 

Салтанатты жиынды Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров құттықтау сөзімен ашып, тұғырлы занаманың маңызы мен рөліне тоқталды. 

Конституциялық құқық пен қорғау басты назарда

29/08/2013

Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, бүкілхалықтық референдумда еліміздің Конституциясын қабылдады.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.