Архив событий

27/08/2013

Шымкентте ЖҚТБ жұқтырған асыранды қызына күн көрсетпеген әйел абақтыға жабылды

27/08/2013

Шымкент қаласының тұрғыны асыранды қызына үнемі күн көрсетпегені үшін жалпы режимдегі колонияда 4 жыл мерзім өтейтін болды. Мұндай үкімді 27 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Ол иммунитет жетіспеушілік вирусын жұқтырған 8 жастағы сәбиді балалар үйінен тәрбиелеуге алған.