Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Полиция департаментінде тергеу және анықтау, криминалдық полиция бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ департамент бөлімдерінің бастықтарымен семинар-кеңес өткізді.

Кездесуге өңірдегі ПД бастығының орынбасары Медет Бердімұратов, облыс прокурорының орынбасары Владимир Малахов, қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы және облыстық соттың судьясы Раджаб Даминов пен Әскербек Жакулин, Көкшетау тергеу сотының төрағасы мен судьясы Ілияс Кәкім және Арман Жақыпов қатысты.

Кездесуге қатысушылар қылмыстық процестегі сот ісін жүргізу тілі туралы ҚПК-нің 30-бабының талаптарын сақтау мәселесін және бұлтартпау шарасын таңдау кезінде қылмыстық-процестік заңнаманың жол берілген заң бұзушылықтарын талқылады.

Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде жол берілген қателер, жеке қаулыларға ден қою, бұлтартпау шараларын ұзартудың мерзімдері және қылмыстық істерді тергеу кезінде заңнама талаптарын сақтау, айыптау актілері мен әкімшілік хаттамаларды жасау сапасы, мемлекеттік тілде істер мен материалдарды жүргізу, сотқа дейінгі медиацияны қолдану туралы мәселелерді және т.б. талқылады.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарауға қатысты ескертулерге назар аударды.

Көкшетау қаласы тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкім күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарау кезінде туындайтын мәселелер туралы айтты.  

Кеңеске қатысушылар соттың заңды талаптары сақталатынына және орын алған заң бұзушылықтардың жойылатынына сендірді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі